700 мың бизнес субъектісіне салық жеңілдігі беріледі

1267

Салықтан босату мен ставкаларды төмендету кезең бойынша жүзеге асырылады. 

 700 мың бизнес субъектісіне салық жеңілдігі беріледі

Үкімет басшысы Асқар Маминнің мәлімдеуінше, мемлекет пен кәсіпкерлер  қиындықты бірге еңсереді. Төтенше жағдай кезіндегі форс-мажордан шығу үшін мемлекеттік қолдау шаралары жалғасады.  

"Бизнесті қолдау үшін салықтық жеңілдіктер қабылданды. Олар экономиканың түрлі салаларын қамтиды. Оның ішінде сауда, қоғамдық тамақтану, қонақ үй, туристік бизнес және қызмет көрсету саласындағы басқа да нысандар ескерілген. Салықтан босату мен ставкаларды төмендету әртүрлі мерзімде 700 мыңнан астам бизнес субъектісіне қолданылады", – деді премьер-министр. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу