700 мың қазақстандыққа "42 500 теңгені" тағайындау үшін SMS жіберілді

2539

Төлемдерді тағайындау үшін өтініш қабылдау басталды.

700 мың қазақстандыққа "42 500 теңгені" тағайындау үшін SMS жіберілді

"Төтенше жағдай төлемдер алған, қызметінің қайта шектелу мүмкіндігі жоғары 700 мың қазақстандыққа Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлемді проактивті тағайындау туралы SMS хабарлама түсті", – деп хабарлады Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, кеше өткен брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ТЖ кезінде төлем алған азаматтар табысынан осы жолы да қағылуы әбден мүмкін екенін айтқан болатын. Оларға төлем проактивті тағайындалу үшін кірісті жоғалтқанын растауы мақсатында SMS-хабарлама жіберілетінін ескерткен еді.

"Біз төлемдерді проактивті форматта тағайындауды қарастырамыз. Біз қызметі шектелген болса, соңғы рет төлем алған азаматтардан SMS арқылы табысын жоғалту фактісін растауды сұраймыз. Оң жауап пен проактивті түрде тағайындауға келісім болған жағдайда, төлемдер өтінішсіз тағайындалады. Олардың порталдарға өтініш беруінің қажеті жоқ, олар өз мәртебесін одан әрі қадағалай алады", – деді ведомство басшысы.

Айта кетсек, төлемдерді тағайындау үшін өтініштерді қабылдау бүгіннен басталады.

Порталдар мен telegram боттар бүгін күннің екінші жартысында іске қосылады.

Келесі арналарды пайдалана отырып, өтініш беруге болады:

- egov.kz – "электрондық үкіметтің" веб-порталы;

- 42500.enbek.kz порталы;

- "Электрондық үкімет" telegram-bot-ы;

- Aitu мессенджерінде42500.enbek.kz қосымшасы;

- екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы.

Өтінімдерді қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу