700 мың ресейлік төтенше жағдай жариялау туралы петицияға қол қойды

1005

Халық үкіметтен орман өртіне байланысты төтенше жағдай енгізуді талап етіп отыр.

700 мың ресейлік төтенше жағдай жариялау туралы петицияға қол қойды

700 мың Ресей азаматы Сібірде төтенше жағдай жариялау туралы петицияға қол қойды, деп хабарлайды 24.kz.

Мұндағы алапат орман өрт 11 аймаққа тараған. Тек екеуінде ғана ресми түрде төтенше жағдай жарияланды.

Тілсіз жаудың салдарынан ауаны көк түтін жайлады. Осыған байланысты халық үкіметтен төтенше жағдайды енгізуді талап етіп отыр.

Шілденің 30-ы күні жарияланған петицияны бір күннің ішінде мыңдаған адам қолдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу