700 мың салымшы зейнетақы жинағының бір бөлігін өз бетінше пайдалана алады

10155

Үкіметке жыл соңына дейін қажет құжаттарды қабылдау жүктелді.

700 мың салымшы зейнетақы жинағының бір бөлігін өз бетінше пайдалана алады

2021 жылы 700 мың азамат өзінің зейнетақы жинағының бір бөлігін баспана алып, емделуге жұмсай алады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен Ұлттық банкке осы реформаны қамтамасыз етін құжат дайындауды тапсырды. 

"Азаматтардың әлеуметтік қамсыздығы – біздің басты бағдарымыз. Азамттардың әлеуметтік қамсыздығы бәрінен бұрын тұрғын үй мәселесімен байланысты. Нарық жағдайында баспана қолжетімділігі азаматтардың табысы мен өз бетімен осы мәселені шешу қабілетіне байланысты. Менің тапсырмамның аясында халықтың өз зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану мүмкіндігі пысықталды. Бұл қазір ерекше өзекті. 2021 жылы бірыңғай зейнеқаты жинақтық қорының 700 мың салымшысы  өз жинағының бір бөлігін  баспана алуға, емделуге немесе қаржы компанияларының басқаруына  пайдалана алады. Үкіметке Ұлттық банкпен бірге жыл соңына дейін барлық қажетті құқықтық-нормативтік актілерді қабылдап, дайындық жұмыстарын жүргізуді тапсырамын", – деді ол.

Есжан Ботақара 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу