71 жастағы тұрғыннан алаяқтар 10 млн теңгесін алдап алған

202

Ұрланған қаражат шетелде шешіп алынған. 

71 жастағы тұрғыннан алаяқтар 10 млн теңгесін алдап алған Фото: Администрации Батайска

Көкшетау қаласының 71 жастағы тұрғыны алаяқтың арбауына түсіп, 10 млн теңгеден астам ақшасынан айырылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Полицияның мәліметінше, алаяқтар зейнеткерге бір емес, бірнеше рет хабарласып, есепшотындағы ақшаны бәз біреулер шешіп алмақ болғанын айтып қорқытқан.

Кейін айлакерлер құқық қорғау органы өкілдерінің атын бүркеніп, жәбірленушінің ұялы телефонына қауіпсіздік қосымшасын жүктеп алуға көндірген.

Осылайша зейнеткер бірер секундта қомақты қаржыны белгісіз біреудің шотына аударып жіберген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу