Мамыра айының басынан бері өңірлерде 714 көпбалалы отбасы тұрғын үй берілді. Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.
Осы айда бүкіл ел бойынша 2019 жылы жоспарланған 6 мың отбасының 1,2 мыңын тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланған. Жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша, қазіргі уақытта Қазақстанда тұрғын үй алу кезегінде 32 мың көп балалы отбасы тұр.
Еске сала кетсек, биылғы 30 сәуірде көпбалалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында ҚР парламенті тұрғын үй қатынастары мәселелері жөнінде заң қабылдаған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу