Алматы облысы прокуратурасы талдау барысында жұмысшылардың зейнетақы құқықтары бұзылғандығын анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жыл басынан бері Әлеуметтік кодекстің жаңа ережелері қолданысқа енгізілді, оған сәйкес жұмыс берушілер жұмыскерлердің табысының 1,5%-ын зейнетақы қорына қосымша төлеуге міндетті.
2028 жылға қарай бұл мөлшерлеме біртіндеп 5%-ға дейін көтеріледі.
Жүргізілген талдау көрсеткендей, көптеген жұмыс берушілер бұл өзгерістер туралы білмеген, атап айтқанда 718 компания 12 мың жұмыскерге зейнетақы қорына жарна төлемеген.
Қабылданған шаралар нәтижесінде компаниялар хабарландырылып, жұмыскерлердің зейнетақы құқықтары қалпына келтірілді.
Қазіргі уақытта жұмыс берушілер зейнетақы қорына 120 млн теңгеден астам соманы төледі.