72 мың дәрігер Эльмира Малиеваның ісін қайта қарауды сұрайды

2026

Медицина қоғамдастығы қызметінен босатылған әріптесіне араша түсті.

 72 мың дәрігер Эльмира Малиеваның ісін қайта қарауды сұрайды

Алматыда 72 мың дәрігерді қамтитын қазақстандық медицина қоғамдастығы өкілдері сот шешімі бойынша қызметінен босатылған акушер-гинеколог Эльмира Малиеваның ісін қайта қарауды сұрап, баспасөз маслихатын өткізді. 

2017 жылы дәрігер Эльмира Малиева Алматыдағы акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығының директорының нұсқауы бойынша Карасай ауданы орталық ауруханасына Қаскелең дәрігерлері біліктілігін арттыруға жіберілген. Сондай-ақ, ғылыми орталық әкімшілігінің нұсқауы бойынша лекциялар оқумен қатар, аудан дәрігерлерімен білесіп тоғыз науқасқа гистерэктомия (жатырды алып тастау) отасын жасауға қатысқан. Кейін олардың бірінің ауруы асқынып, 2018 жылы қаңтар айында қылмыстық іс қозғалды. Нәтижесінде сот гинекологты кінәлі деп танып, 1,5 жылға бас бостандығынан айырып, тағы бір жылға медициналық қызмет көрсетуден шегерді. 

"Қиын ота. Мұндай жағдайда асқыну көрсеткіші 1-10 % аралығында. Науқасқа Алматыдағы урология ғылыми орталығында от жасалып, асқыну нәтижесінде пайда болған жара жазылды", – деді Қазақстан репродуктивті медицина қауымдастығының президенті Вячеслав Локшин. 

Дәрігерлер қазір науқастың дін аман екенін де атап өтті. 

"Медицина қауымдастығы алаңдаулы. Бұл ота жиі жасалады. Біз асқыну мен дәрігер қателігінің аражігін ажыратып алуымыз керек. Ота алдында науқас келісімге қол қойған. Медицина – нақты ғылым емес. Менің тәжірибемде мұндай асқынулар көптеп болған және олар жазылған. Ешкім сотқа берген емес",– деді Вячеслав Локшин. 

Сонымен қатар, баспасөз маслихатында дәрігерлер ҚР Қылмыстық кодексінің 317-323 баптары бойынша жылына 600-ден аса ақ халатты қылмыстық және әкімшілік жауапкерлішікке тартылатынын айтты. Соған байланысты Қазақстан дәрігерлерінің қызметін сақтандыруды ұсынды. Олардың пікірінше бұл медицина саласының мамандарын заң жүзінде қорғайтын құжат болмақ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу