72 мың кәсіпкер табыс салығынан босатылады

716

Аталмыш шара қаржы жағдайы нашарлаған бизнес өкілдерін қолдау үшін жасалады.

72 мың кәсіпкер табыс салығынан босатылады

Үкімет үйіндеонлайн-брифинг өткізген Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов 72 мың отандық кәсіпкердің 10 пайыздық жеке табыс салығынан босатылатынын жеткізді.

"Үкімет тарапынан азық-түлікпен, халыққа қажетті тауарлармен қамтамасыз ету жолдары толығымен қарастырылған. Бұл жұмыстарға бүгін де 32 млрд теңгеден астам ақша бөлу жоспарлануда. Оның ішінде республикалық бюджеттен 14,8 млрд теңге, қалғаны жергілікті бюджеттен аударылады. Қажетті тауарлардың бағасын көтеру фактілері кездескен жағдайда қатаң түрде заңды шаралар қолданылатын болады", – деген Ералы Тоғжанов кәсіпкерлерді қолдау мақсатында салықтардың бірқатар түріне жеңілдіктер болатынын нақтылады.

"Олар - шағын және орта бизнестің жекелеген санаттары үшін, оның ішінде сауда-ойын сауық орталықтары, кинотеатрлар мен көрмелер, жеке мүлік төленетін салықтар да, салық бойынша қарыздарын төлеуді уақытша тоқтату. Жалпы тәртіпте жұмыс істейтін 72 мың кәсіпкерді жылдың аяғына дейін 10 пайыздық жеке табыс салығынан босату көзделген. Бұл шаралар қаржы жағдайы нашарлаған бизнес өкілдерін қолдау үшін жасалады", – деді Үкімет басшысының орынбасары.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу