72 сағаттық визасыз транзит туристердің санын арттырады

843

Еліміздің Шымкент, Ақтау, Қарағанды және Тараз қалаларына туристер ағылуы мүмкін.  

72 сағаттық визасыз транзит туристердің санын арттырады

72 сағаттық визасыз транзит Қазақстанда туристер ағынын ұлғайтады, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігі.

Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019 – 2025 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі – Қазақстанның әлемдік кеңістіктегі саяхаттар мен туризм бойынша бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын визалық және көші-қон режімдерін ырықтандыру.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы №1028 қаулысымен Үндістан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының азаматтары үшін бұрын енгізілген Қазақстан Республикасына келудің, болудың және кетудің қолданыстағы визасыз жетпіс екі сағаттық режімі 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылды.

Сонымен қатар, "пилоттық" режімді ұзартудан басқа қабылданған қаулы шеңберінде 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген басқа да бірқатар жаңалықтар бар.

"Атап айтқанда, "Атамекен" ҚР ҰКП мен тиісті әуежайлардың басқарушы компанияларының өтініштеріне сай, сондай-ақ ҚХР мен Үндістанның бірқатар туристік компанияларының "Ұлы Жібек Жолы" бойында орналасқан қалаларға арнайы туристік бағдарламаға жоғары қызығушылық танытуына байланысты, аталған транзиттік режім шеңберінде жұмыс істейтін халықаралық әуежайлардың тізімі 4 қаланың әуежайымен толықтырылған. Олар – Шымкент, Ақтау, Қарағанды және Тараз қалалары", делінген хабарламада.

Бұдан басқа, осы визасыз режім шеңберінде қызметті жүзеге асыру және тиісті транзиттік тасымалдарды жасау құқығы мемлекет иелігіне қарамастан қазақстандық және шетелдік барлық әуекомпанияларына беріледі:

Сонымен қатар, осы режім шеңберінде келетін Үндістан мен ҚХР азаматтарына көші-қон картасын беру қажеттілігі алынып тасталды. Оның орнына, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап өткізу бекеттерінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту уақыты көрсетіле отырып, Үндістан мен ҚХР транзиттік азаматтарының паспорттарына мөр басылады.

"Осы шаралардың барлығы транзиттік жолаушыларға ішкі туризмді дамыту және ілгерлетуде өз қызметін жүзеге асыратын қазақстандық туроператорлардан қосымша турпакеттер сатып алуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде Қазақстан экономикасына қосымша шетел валютасы ағынын қамтамасыз етеді", делінген хабарламада.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу