72 жастағы астаналық желаяқ халықаралық марафонның күміс жүлдегері атанды

763

72 жастағы астаналық желаяқ халықаралық марафонның күміс жүлдегері атанды

Испанияның оңтүстігіндегі Малага қаласында өткен халықаралық Zurich Marathon Malaga марафонында отандасымыз Салтанат Түйтебаев күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Жеңіл атлетика федерациясының ресми сайыты таратқан мәліметке сүйенсек, марафон жарысына Еуропа, Азия, Африка құрлығынан 3 мыңға жуық әр түрлі жастағы желаяқтар қатысқан.

Аталған додаға 72 жастағы астаналық ардагер Салтанат Түйтебаев та қатысып, 70-74 жастағылар арасында мәре сызығын екінші болып кесіп күміс медальға ие болды. Ол мәреге 3:51.45 сағатта жүгіріп жетті. Түйтебаевтың алдын бельгиялық Роланду Буссемару орап кетті (3:43.59). Үшінші орын испаниялық Хуан Навиоға бұйырды (3:54.18).

Айта кетейік, Салтанат Түйтебаев биыл Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері атанған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу