72 жастағы ұлытаулық ақсақал еліміз бойынша жаяу марафонға аттанды

1326

Қарашаға дейін 72 жастағы ақсақал бүкіл елді аралап, қолданбалы өнер шеберлерімен кездесіп, өзге өңірлердің тұрғындарын Ұлытау ауданының тарихымен және киелі жерлерімен таныстыруды көздеп отыр. 

72 жастағы ұлытаулық ақсақал еліміз бойынша жаяу марафонға аттанды

Ұлытау ұлттық тарихи-мәдени және табиғи мұражай-қорығының қызметкері және еңбек ардагері Сәрсенбай Қотырашов Қазақстанның кең байтақ даласын жаяу жүріп өтпек, деп жазады  inbusiness.kz  облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ұлытауға бардың ба?" деп аталатын жаяу марафон бүгін басталды.  

"Мен жеті жыл бойы жаяу марафонға дайындалдым. Менің мақсатым – қолөнер шеберлерімен кездесіп, қазақ халқын Ұлытау тарихымен таныстыру. Соның ішінде "Көкмайса" фестивалін насихаттау да бар", – дейді саяхатшы. – Мен Қазақстанның барлық өңірлерін айналып өтуді жоспарлап отырмын. Қызылорда, Түркістан, Шымкенттен бастаймын. Әрі қарай Тараз, Алматы, Талдықорған қалаларына жол тартамын. Қазақстанның үздік қолөнершілерінің тізімін жасағым келеді. Менің бүкіл бағытым әлеуметтік желілерде жарияланады.

Марафоншының жолы: Ұлытау – Қызылорда – Түркістан – Шымкент – Тараз – Алматы – Талдықорған – Аякөз – Семей – Павлодар – Нұр-Сұлтан – Көкшетау – Петропавл – Қостанай – Ақтөбе – Орал – Атырау – Бейнеу – Ақтау.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу