72 жастағы ұлытаулық марафоншы Қызылордаға жетті

856

Ақасақал қарашаға дейін Қазақстанның барлық өңірлерін аралауды көздеп отыр.

72 жастағы ұлытаулық марафоншы Қызылордаға жетті

Ұлытаулық 72 жастағы ақсақал Сәрсенбай Қотырашов 13 күнде Қызылордаға жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz әкімдік сайтына сілтеме жасап.

Ақсақалды қалаға кіре берісте облыстық "Дәстүр" қолөнер орталығының қызметкерлері мен дәстүрлі өнер және этнопедагогика орталығының қызметкерлері, сондай-ақ жедел жәрдем бригадасы қарсы алды. Дәрігерлер қашықтыққа қарамастан, марафоншы өзін жақсы сезінетінін айтты.

"Менің бұл Қызылордаға алғаш рет келуім. Мұнда өте жылы, адамдар қонақжай. Мен үшін Салихитдин Айтбаев атындағы көркемсурет галереясында салтанатты қабылдау ұйымдастырылды. Облыстық "Дәстүр" қолөнер орталығының, Дәстүрлі өнер және этнопедагогика орталығының қызметкерлері БАҚ өкілдерімен, мәдениет қызметкерлерімен, әріптестеріммен кездесу ұйымдастырды. Мені Түркістаннан арнайы келген қолөнерші ақсақал Пахраддин қарсы алды. Бұл мен үшін күтпеген жағдай болды", – деді ақсақал.

Сәрсенбай Қотырашов кездесуге қатысушылармен өз сапарының мақсатымен бөлісті.

"Қызылордаға барар жолда мен 100-ге жуық адамды кездестірдім және олардың тек кейбірі ғана Ұлытаудың тарихы, қымыз мерекесі туралы білетініне назар аудардым. Мен оларға бұл туралы айттым. Сондай-ақ сегіз қолөнершінің телефон нөмірлерін жазып алдым. Сапарымның соңына дейін олардың саны кем дегенде 1000-ға жетеді деп үміттенемін", – дейді марафоншы.

Айта кетейік, Сәрсенбай Қотырашов 31 наурызда жолға шыққан. 

Марафон жүгірушісі ауыстыратын киімі және қажетті заттарын салған шағын арбаны алып жүреді. Ол Қызылордадан Түркістанға, одан әрі Шымкентке, Таразға, содан кейін бүкіл ел арқылы Ақтауға жетуді жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу