725 адамның 180 мың доллардан аса қаражатын алдап алып алған

501

Алматыда ЖШС директоры аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды. 

725 адамның 180 мың доллардан аса қаражатын алдап алып алған

Күдікті азаматша биржада саудамен айналысатын жалған компаниялар мен сайттар құрған. Қазіргі таңда оның қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккендер саны 725 адамға жетті, деп хабарлады қалалық Полиция департаменті. 

"Күдікті қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша семинарлар өткізіп, онда ол өз аудиториясын ақшаны қазіргі уақытта пайдалы акцияларға салу керек деп сендірген. Алаяқ мұндай әрекеттермен іс жүзінде ұзақ уақыт айналысқан адам ретінде айтқандықтан, келушілер оған сенген. Алданған азаматтарға ол акционер болуды және биржадағы сауданы, активтерге инвестиция салу арқылы ақшаларын көбейтуді ұсынған. Жоспар бойынша салымшылар салынған қаражаттан 40% пайда алуы керек болатын. Идеяны жүзеге асыруға виртуалды платформа қажет болған және ол үшін "инвесторларға" логин мен кілт сөз беріліп, электронды әмиян тіркелген "itrade" сайты қолданылған. Олар іс жүзінде өздерінің салынған қаражатының және алынған кірістердің сомаларын көргенімен, бұл тек монитордағы сандар ғана еді. Ал шын мәнінде нвестициялар белсенді "қаржыгердің" қалтасына түскен", – деді Алматы қалалық Полиция департаменті Тергеу басқармасы бастығының орынбасары Мұхамедәлі Сейсенұлы. 

Тергеу барысында күдікті аңғал азаматтардың 500-ден 30 мың долларына дейін қаржыларын алғаны анықталды. Салымшылардың ешқайсысы уәде етілген пайда тұрмақ, өз ақшаларын алмаған. Азаматша халықтан бастапқыда алған ақшасын төлеуді және қайтаруды жоспарламаған. Оның қылмыстық әрекеттерінің салдарынан 2019 жылдың қаңтарынан бастап жәбірленуші азаматтарға жалпы сомасы 180 мың долларынан астам материалдық шығын келтірілген. 

"Іс жүзінде зардап шеккен азаматтардың саны әлдеқайда көп болуы, келтірілген шығын мөлшері бұдан да жоғары болуы мүмкін. Күдікті көп пайда тапқысы келетін азаматтарды пайдаланған. Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен көзделген қылмыс белгілері бар аса ірі көлемде жасалған алаяқтық фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бұрын осыған ұқсас қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған, 1974 жылы туған азаматша Алматы қаласының ПД уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды", – деді Мұхамедәлі Сейсенұлы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу