73 атыраулық Сирия мен Иракқа аттанды

759

73 атыраулық Сирия мен Иракқа аттанды

Дәстүрлі емес діни ағымдарға кірген Атыраудың 73 тұрғыны Сирия мен Ирак ауған. Олардың арасында әйелдер мен кәмелет жасына толмаған балалар да бар. Бұл туралы Атырау облысы ІІБ экстремизмге қарсы күрес басқармасының басшысы Ербол Оңғаров мәлім етті.

"Онда аттанғандардың көпшілігі визасыз режимді пайдаланып, Ресей мен Түркия арқылы кеткен. Құқық қорғау органдарымен бірлесіп, былтыр радикалды топ мүшелеріне қатысты 8 қылмыстық іс қозғалды.

Жалпы дәстүрлі емес дінді ұстанушыларға қатысты 10 қылмыстық іс қозғалды. Олардан 476 баспа өнімі тәркіленді. Діни білім алу үшін 129 атыраулық өзге мемлекеттерге кеткен, оның 94-і қайтып оралды, 35-і оқуын жалғастырып жатыр", – дейді Ербол Оңғаров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу