730 тонна ресейлік астық шекарадан кері қайтарылған

616

Жыл сайын Ресейден елімізге 300 мың тонна астық әкелінеді.

730 тонна ресейлік астық шекарадан кері қайтарылған

Ресейдің сапасы күмәнді астығын Қазақстан нарығына тықпалаушылар айылын жимай тұр. Ауыл шрауашығылы министрінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров шекарада арнайы беккеттер қойылса да, заңсыз айналым тыйылмағанын айтады.

"Ресейден құжатсыз әкелінетін астық туралы айтсақ, жыл басынан бері Ресей мен Қазақстан шекараларында арнайы бекеттер жұмыс істеп тұр. Ондағы біздің инспекторлар шекараны кесіп өткен әрбір машинаны тексеруге құқылы. Егер алып өткен астықтың құжаты болмаса, кері қайтарылады. Жыл басынан бері 2 мыңдай  заңбұзушылық тіркеліп, 730 тоннадай астық қайтарылды. Жалпы жыл сайын Ресейден барлық талаптарды сақтай отырып 300 мың тоннадай астық әкелінеді", – деді министрлік өкілі. 

Есжан Ботақара

 
Ресей астығы, заңсыз айналым, арнайы бекет, құжатсыз астық

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу