7340 адам соттан тыс банкроттық рәсімдей алмады

Оның себебі неде?

7340 адам соттан тыс банкроттық рәсімдей алмады Фото: kazislam.kz

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"7340 арыз бойынша азаматтар соттан тыс банкроттық рәсімін қолданудан бас тарту туралы хабарламаны 1414 сервисі арқылы телефондарына алды", – деді спикер. 

Бұл ретте ол бас тартудың негізгі себептерін атады. Атап айтқанда:

1. Кредиттік бюроның мәліметі бойынша 6713 тұлғада 12 ай ішінде берешекті ішінара өтеуі бар немесе берешек сомасы 1600 АЕК-тен асады;

2. Еңбек және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету министрлігі 1846 тұлға бойынша 6 ай ішінде атаулы әлеуметтік көмекті алушы екендігін растаған жоқ;

3. 1463 тұлға жұбайының болу фактісін көрсетпеді, сәйкесінше олардан рәсімді қолдануға келісім алған жоқ; 

4. Әділет министрлігінің мәліметі бойынша 1349 тұлғада меншік құқықығында жылжымайтын мүлік бар;

5. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметіне сәйкес 941 азаматта жер учаскілері бар;

6. 789 азаматтарға автокөлік тіркелген (Ішкі істер министрлігі мәліметі).

"Осындай, рәсімді қолданудан бас тарту туралы Хабарламаны алған жағдайда соттан тыс банкроттықтың негіздеріне сәйкес келгенде арызды қайтадан 3 айдан кейін беруге болады", – деді спикер. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу