74 адамды алдаған маңғыстаулық алаяқ Ресейде ұсталды

546

Маңғыстаулық алаяқ әйел 2010 жылы жалған құжаттармен Мұнайлы ауданында екі жер учаскесін заңсыз сатты деп айыпталып отыр.  

74 адамды алдаған маңғыстаулық алаяқ Ресейде ұсталды Фото: inform.kz

Оның алаяқтық әрекеттерінен 74 адам зардап шегіп, материалдық шығын 50 миллион теңгеден асып жығылады. Әйелге халықаралық іздеу жарияланған. Күдікті 8 жылдан кейін Ресейден табылып, қолға түсті.

Ол 2010 жылдың сәуір айында жалған құжаттар бойынша алаяқтық жолмен 1,5 миллион теңгеге Мұнайлы ауданында банк кепілінде тұрған жер учаскесін сатқан. Қылмыстық ниетін жалғастыра отырып, сол жылдың маусым айында күдікті Мұнайлы ауданында жалған құжаттары бар басқа жер учаскесін 4,5 миллион теңгеге саудалады.

Орел облысы бойынша Ресей Ішкі істер басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында күдіктіні ұстады. Қазақстандық алаяқ 71 жаста. Әйел Ресей ІІМ Новосильск бөлімшесінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.                                                                                                                      

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу