74 медаль, оның 32-сі – алтын: Қазақстан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қалай өнер көрсетті

1301

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 113 елден 3 мыңға жуық спортшы келді.

74 медаль, оның 32-сі – алтын: Қазақстан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қалай өнер көрсетті Фото: gov.kz

Қазақстан құрамасы 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында Қырғызстанда өткен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Ойындар қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар 74 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 32 алтын, 20 күміс және 22 қола жүлде бар. Жалпыкомандалық есепте 30 алтын медаль иеленген Қырғызстан екінші орынға, жеті алтын жүлдесі бар Ресей үшінші орынға тұрақтады.

Қазақстандық спортшылар аударыспақ, жамбы ату, қазақ күресі, алыш, армрестлинг, арқан тартыс, тоғызқұмалақ, мангала, дәстүрлі садақ ату, ат жарысы және басқа да ұлттық спорт түрлерінен жеңімпаз және жүлдегер атанды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу