741 шетел азаматы ел аумағынан аластатылды

821

Өткен аптада заңсыз көші-қонға қарсы ұйымдастырылған "Нелегал-Трафик" жедел-алдын алу іс-шарасының бірінші кезеңі өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

741 шетел азаматы ел аумағынан аластатылды

Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Берікқызының баяндауынша, бұл шараға көші-қон қызметі, криминалдық және әкімшілік полиция бөлімшелерінің 6 мыңға жуық қызметкері жұмылдырылды.

"Профилактикалық іс-шара барысында Қазақстан Республикасында болу ережесін бұзған 11 867 шетелдік анықталды. Сот шешімі бойынша елден 741 шетелдік шығарылып, 1 730 адам қабылдау-тарату орнына орналастырылды", – деді Шұғыла Берікқызы. 

Оның айтуынша, шетелдік жұмыс күшін тарту және пайдалану ережесін бұзғаны үшін 572 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"Көші-қон заңнамасына қатысты 43 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Іздеуде жүрген 64 қылмыскер, оның ішінде 9 ТМД азаматы ұсталды. Ел бойынша 2 667 шетелдіктің көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін уақытша болу мерзімі қысқартылды", – деді ішкі істер министрлігінің өкілі. 

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу