75,12 тонна импорттық өнім жойылды

1105

2019 жылдың тамыз айында шекарадан заңсыз өсімдік өнімін өткізуге тырысқан 426 жағдай орын алған.

75,12 тонна импорттық өнім жойылды

ҚР АШМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей елдерінен карантиндік фитосанитариялық қаупі жоғары өнімдерді заңсыз алып өтпек болғандардың жолы кесілген. Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың тексеруінен соң, фитосанитариялық сертификаты жоқ 388 жүк кері қайтарылыпты.

– Ресей Федерациясынан бидай (64 тонна), картоп (40 тонна), сәбіз (215 тонна), қызанақ (7,4 тонна), қияр (20 тонна), алма (21,8 тонна), қарбық және қауын (49,49 тонна), жеміс-жидек (1,5 тонна), орамжапырақ (10 тонна), күнбағыс тұқымы (54 тонна);

– Қырғыз Республикасынан шабдалы (1,8 тонна), жүзім (8,1 тонна), жүгері (0,8 тонна), картоп (12,7 тонна), қызанақ (6 тонна), алма (2 тонн), өрік (1,7 тонн), жаңа піскен томат (4,2 тонна), шие (2,2 тонна), құлпынай (0,52 тонна), нектарин (0,8 тонна), болгар бұрышы (1,5 тонна) және қара өрік (2,3 тонна).

– Қытай Халық Республикасынан миндаль (29,8 тонна), кунжут (35,6 тонна), күнбағыс тұқымы (37,25 тонна) және тұқымы (21 тонна);

– Карантинге жатқызылған өнім қаптамасында таңбалау болмағандықтан 21 жүк кері қайтарылды:

– Өзбекстан Республикасына шабдалы (56 тонна), жүзім (34 тонна), қара өрік (15 тонна), нектарин (28 тонна);

– Қырғыз Республикасына таңқурай (1,1 тонна), құлпынай (1 тонна) және кептірілген өрік (43,15 тонна).

Барлығы 75,12 тонна өнім жойылды. Ал аталған елдерден келген өнімдер кері қайтарылып, кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу