Тілсіз жау Астраханка ауылының аумағындағы ЖШС-лардың бірінде тұтанған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қазіргі уақытта өрт сөндірушілер шөпті бөлшектеп, мұқият сулау жұмыстарын жүргізіп, өртті толықтай сөндірген. Зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі анықталып жатыр. ТЖД мамандары шамамен 75 тонна ірі жемшөп жанғанын хабарлады.
ТЖД шөпті тұрғын үйлерден, шаруашылық құрылыстардан және жолдардан барынша алыс жерде сақтау қажет екенін мұқият ескертеді.
Өрт шыққан жағдайда 101 немесе 112 нөміріне қоңырау шалу керегін де қаперде ұстауды ұсынады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу