75 велосипедті ұрлағандар ұсталды

814

75 велосипедті ұрлағандар ұсталды

15 мамырда Талғар ауданының полиция бөлімшесіне шетелдік велосипед саудасымен айналысатын кәсіпкер арызданды, деп хабарлайды Алматы облысының ішкі істер департаменті.

Жәбірленуші арызында оның қоймасынан 75 велосипед ұрланғанын көрсеткен. Келтірілген материалдық шығын көлемі 1 миллион теңгеге бағаланды.

Облыстық полицияның мәліметі бойынша қылмысқа кінәлі адамдар анықталған. Дәл қазір уақытша ұстау изоляторында отырған Еңбекшіқазақ ауданының 3 тұрғыны күдікті ретінде жауапқа тартылады. Полицияның айтуынша, күдіктілердің біреуі жәбірленушінің жақын туысы болып шыққан.

Аталған қылмыстық іс бойынша тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу