75 заңнамалық акті мен 10 кодекске өзгеріс енгізіледі

853

Мәжілісте еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шапкенов "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын таныстырды. 

75 заңнамалық акті мен 10 кодекске өзгеріс енгізіледі

Министр аталмыш құжат мүгедектердің құқығын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспарды орындау аясында әзірленгенін атап өтті. 

"Заң жобасы негізіне парламент сенаты мен мәжілісінің жұмыс тобы мүшелерінің, үкімет жанындағы мүгедектігі бар адамдар мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің, сондай-ақ жұртшылық пен сараптамалық қоғамдастықтың ұсыныстары қабылданды. 75 заңнамалық актіге, оның ішінде 10 кодекске өзгеріс пен толықтыру енгізу көзделіп отыр", – деді Серік Шапкенов.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу