75 жастағы зейнеткерден аса ірі көлемде марихуана мен гашиш тәркіленді

170

Қарағанды облысында есірткі тасымалдау арнасы әшкереленіп, 75 жастағы қала тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

75 жастағы зейнеткерден аса ірі көлемде марихуана мен гашиш тәркіленді Фото: polisia.kz

Теміржол вокзалында жүргізілген тінту кезінде оның қол жүгінен өсімдік тектес есірткі - шамамен 20 келі марихуана мен гашиш тәркіленген. Одан бөлек вокзал маңында тұрған күдіктінің көлігін тексеру барысында жүксалғыштан қапталған екі ірі брикет табылған.

Сараптама қорытындысына сәйкес олардың ішінде де марихуана болған. Жалпы тәркіленген есірткінің салмағы – шамамен 20 келі.

"Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", – деді ІІМ өкілі.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу