750 мың қырғыз азаматы Ресейде жұмыс істейді

940

750 мың қырғыз азаматы Ресейде жұмыс істейді

Қырғыз парламентінің депутаты Азамат Арапбаев бірнеше жылдан соң Қырғызстандағы екінші тіл ағылшын болуы керек деді. Бұл туралы svpressa.ru хабарлайды.

Қырғызстан социал-демократиялық партиясының  парламенттік фракциясы отырысында елде ағылшын тілін оқыту мәселесі көтерілді.

Депутат Азамат Арапбаевтың пікірінше, жасөспірімдер бірінші сыныптан бастап ағылшын тілін оқыса, 750 мың қырғыз азаматы қазір Ресейде емес, білікті маман ретінде Еуропада жұмыс жасаған болар еді.

Ресми мәлімет бойынша, Қырғызстан халқының жартысынан көбі орыс тілінде еркін сөйлейді, ал ағылшын тілді игергендер саны 1,1% ғана құрайды екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу