76 бала коронавируспен ауырып жатыр

1347

1002 жағдайда инфекцияның таралуына адамдардың бір-бірімен араласуы себеп болған.  

76 бала коронавируспен ауырып жатыр

Еліміздің 1480 азаматы коронавирус инфекциясын жұқтырды. Науқастардың дені Алматы қаласынан анықталды. Бұл бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетованың орталық коммуникациялар қызметінде жасаған мәлімдемесі.

Ескерте кетейік, онлайн брифинг аяқталғанша сoronavirus2020.kz сайты індетке шалдыққандардың дерегін жаңартты. Жаңартылған деректе 1 498 адамнан коронавирус инфекциясы расталған деп көрсетілді.

Бас дәрігердің сөзінше, Алматыда – 461, Нұр-Сұлтанда – 341, Қызылорда облысында – 143, Шымкентте – 46, Ақмола облысында  – 81, Ақтөбе облысында – 18, Алматы облысында – 37, Атырау облысы – 72, Шығыс Қазақстан облысында – 8, Жамбыл облысы – 53, Батыс Қазақстан облысында – 32, Қарағанды облысында – 87, Қостанай облысында – 7,

Маңғыстау облысында – 12, Павлодар облысында – 15, Солтүстік Қазақстан облысында  – 29, Түркістан облысында – 56 адам вирус жұқтырған.

"Науқастардың 76 - сы балалар. 159 жағдайда инфекция сырттан келгені,  1002 жағдайда  адамдардың араласуынан тарағаны анықталды", – деді бас санитарлық дәрігер.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу