76 мыңнан астам маңғыстаулық мүлік салығын төлемеген

278

Олардың жалпы борышы 105 млн теңгеден асып жығылады.        

76 мыңнан астам маңғыстаулық мүлік салығын төлемеген

Қарызын төлемегендердің бірі - Балтагүл Ізбасарова. Зейнеткер борыштың жиналып қалғанынан бейхабар.  

"Балаларым күні бойы жұмыста. Өздерінің төлейтін несиелері көп. Біз ауылда тұрамыз. Қалада бір үйіміз бос тұр. Ол менің атында еді. Соның салық төлемі жасалмағанын енді біліп отырмын. Зейнетақымды алған кезде төлеп беремін. Кәрі кісілерге салық туралы қоңырау шалып, ескертіп тұрса, дұрыс болар еді",- дейді әжей.

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2022 жылға жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеу мерзімі 1 қазанда аяқталғанын ескертеді. Меншік құқығында жеке үйлері, пәтерлері, саяжай құрылыстары, гараждары және өзге де құрылыстары бар адамдар салық төлеушілер болып табылады.

"Екінші деңгейдегі банктердің қосымшалары арқылы және коммуналдық қызметтердің түбіртектері бойынша берешекті өтеу қажеттілігі туралы хабарламалардың бірнеше рет жіберілгеніне қарамастан, 76 914 адам жалпы сомасы 105 175 мың теңгеге салық төлемеген. 15 қарашадан кейін борышкерлер бойынша материалдар сот орындаушыларына шаралар қабылдау үшін, оның ішінде мүлікке және банктік шоттарға тыйым салу, елден тыс жерлерге шығуды шектеу үшін жіберілетін болады. Сонымен қатар сот орындаушылары борыш сомасының 25 пайызын құрайтын сот шығындарын ұстайды", - деп хабарлады Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті.

Мерзімі өткен әрбір күн үшін ҚР Ұлттық Банкі белгілеген ресми қайта қаржыландыру ставкасының 1,25 еселенген мөлшерінде өсімпұл есептеледі.

Салықты төлемеуге байланысты жағымсыз жағдайларды болдырмау үшін қарызды 15 қарашаға дейін өтеу қажет.                                                                                         

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу