77 мыңға жуық азамат skills.enbek.kz платформасында білім алды

694

Платформа халықтың білім деңгейі мен кәсібилігін арттыруға, мансаптық дамуды ынталандыруға және "өмір бойы оқыту" тұжырымдамасын ілгерілетуге бағытталған.

77 мыңға жуық азамат skills.enbek.kz платформасында білім алды

Былтыр шілде айында skills.enbek.kz онлайн кәсіптік оқыту платформасы (бұдан әрі – Платформа) іске қосылған сәттен бастап 76,9 мың қазақстандық, оның ішінде 17 мың жұмыссыз азамат курстан өткені туралы сертификат алды. Платформада 110,7 мың адам тіркелді, оның 97,3 мыңы 2022 жылы тіркелген, деп хабарлайды inbusiness.kz Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқудан өткен 17 мың жұмыссыз азаматтың 5 мыңнан астамы – негізінен Алматы, Қызылорда, Қарағанды облыстарынан және Алматы қаласынан келген жастар.

Авторлар іске қосылған сәттен бастап платформада әртүрлі бағыт бойынша 151 курс жариялады, оның 97-сі тегін. Курстардың ұзақтығы 1-ден 72 сағатқа дейін.

"Управление персоналом", "Сүтті ірі қара өсіру", "Кассир", "Выращивание клубники от А до Я" және "Ұннан жасалған кондитер өнімдері, жіктелуі және дайындалу технологиясы" курстары бұрынғыша ең көп сұранысқа ие курстар қатарында.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Платформа халықтың білім деңгейі мен кәсібилігін арттыруға, мансаптық дамуды ынталандыруға және "өмір бойы оқыту" тұжырымдамасын ілгерілетуге бағытталған. Ол маркетплейс – қызметтер нарығы қағидаты бойынша онлайн курстарға қол жеткізуді ұсынатын халықаралық оқыту алаңдарына ұқсас құрылған.

Оқуға тікелей https://skills.enbek.kz/ сілтемесі арқылы немесе Электрондық еңбек биржасында (enbek.kz) "Онлайн оқыту" бөлімін таңдау арқылы өтуге болады.

Платформада білім алушы оқытудың қолайлы қарқыны мен тілді, материалды берудің ыңғайлы қағидатын өз бетінше таңдайды, білім беру процесіндегі өзінің прогресін бақылай алады.

Оқу аяқталғаннан кейін білім алушы 70% шекті деңгеймен тестілеу тапсыруы тиіс. Онлайн курсты сәтті аяқтаған жағдайда дағдыларды игеру туралы сертификат беріледі. Курсты аяқтаудың міндетті шарты – студент тарапынан курсты бағалау.

Бұл сертификат Электрондық еңбек биржасында (enbek.kz) тіркелген кезде білім алушы жасаған түйіндемеде автоматты түрде көрсетіледі. Қызметкерлерді іздеу кезінде әлеуетті жұмыс беруші skills.enbek.kz-те табысты оқудан кейін алынған сертификаттарды көреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу