ОҚО-да заңсыз жүрген шетел азаматтарының 81-інде тіпті, жеке бастарын куәландыратын құжаттары да болмаған. Олардың біразы - көрші өзбек елінің азаматтары. 18 еңбек мигранты Шымкенттегі Коммунизм елдімекенінде құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан жерлерінде ұсталды, деп хабарлайды shymkenttv.kz.
"Мигрант" жедел алдын алу шарасы кезінде полицейлер 477 құқық бұзу фактісін анықтады. Олардың 413-і шетелдіктерге қатысты. Көші-қон саласындағы заңнаманы бұзған 148 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылса, 77 тұлға өз елдеріне қайтарылған. Сондай-ақ, осы заңсыздыққа қатысы бар деп танылған еліміздің 64 азаматына қатысты қылмыстық іс қозғалды. 1,5 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Оларға ешбір құжаты жоқ азаматтарды еңбекке тартқан деп, айып тағылған