770 мың теңге қолдан жасалған

1288

Қолдан жасалған ақшалардың көп бөлігі 2 000 және 5 000 теңгелік банкноттар.

770 мың теңге қолдан жасалған

2021 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында Ұлттық банк пен екінші деңгейдегі банктер 760 950 теңгеге қолдан жасалған 237 ақша белгісін (236 банкнот және 1 монета) анықтаған. Бас банк мәліметіне сүйенсек, былтыр осы кезеңде 226 банкнот табылған екен, яғни айналымда жалған ақшалардың саны артқан, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жалған ақшалардың дені 2 000 және 5 000 теңгеліктер екен, 65% және 23%. басқа банкноттар мен монеталардың үлесі – 12%.

Жалған банкноттардың көп бөлігі еліміздегі ең ірі мегаполис – Алматыда айналымда жүреді екен, 237 жалған ақшаның 169-ы осы қалада анықталған. Ал ең аз жағдай Қызылорда мен Жамбыл облыстарында – 4 жалған банкнот тіркелген.    

Жалған ақшаны қалай ажыратамыз

Банкноттың түп нұсқасын жалған ақшадан ажырату үшін оның бірнеше белгісін білу жеткілікті дейді мамандар.

Елдегі жалған банкноттардың негізгі бөлігі жеңіл технологиямен жасалатын көрінеді, сондықтан олар түпнұсқадағы негізгі белгілерді тек имитациялаумен ғана шектеледі. Яғни, арнайы жабдықсыз-ақ, жалған банкноттарды қолмен ұстап, мұқият қарап та анықтауға болады.

Түпнұсқа банкноттың бірнеше айрықша белгісі бар.

Біріншіден, ол өзіне тән ерекше шытырлайды, екіншіден – арнайы рельефі бар. Сонымен қатар барлық банкнотта көру қабілеті нашар адамдар үшін саусақ ұшымен ажыратуға болатын белгілер бар. 1000, 2000, 5000, 10000 және 20000 теңгелік банкноттарда түс өзгертетін бояумен жағылған бейнелер бар. Көлбеу бұрышын өзгерткен кезде өрнек түсі жасылдан алтынға өзгереді. Сонымен бірге жарыққа тосып қараған кезде жазуы бар тұтас жіп ретінде анық көрінетін, жазуы бар пунктир түріндегі тұтас магнитті және үзік-үзік жіпке назар аударған жөн.

Банкноттардың осы бір ерекшеліктері арнайы жабдықты пайдаланбай-ақ түпнұсқаны лезде көзбен қарап, тексеріп шығуға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу