Биыл өңірдегі шаруалар 777 мың тонна өнім алып, рекорд жаңартты

Павлодар облысы картоптың мол көлемін жинады. 

Биыл өңірдегі шаруалар 777 мың тонна өнім алып, рекорд жаңартты Фото: Валерий Бугаев

Биыл өңірдегі шаруалар 777 мың тонна өнім алып, былтырғы рекордтық көрсеткіштен асып түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Өткен жылы алқаптардан 602 мың тонна өнім жиналған болатын. Биыл суармалы жердің көлемін 20-30 мың гектарға дейін арттырудың нәтижесінде бұл көлем бірден 175 мың тоннаға көбейді. Картоптың тұқымы салынған 25 мың гектар жердің әрқайсысынан 313 центнер өнім алынды. 

Бұл ретте облыс тұрғындарының жалпы сұранысы 100 мың тонна екенін атап өткен жөн. Яғни өңір сұранысының 7 есе артық өнім бар. 

"Өңірде 460 мың тонна картопты сақтайтын қойма бар. Алдағы уақытта тағы 300 мың тонна өнімді сақтау үшін қоймалардың саны мен көлемін көбейту көзделіп отыр", – дейді Павлодар облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрболат Мақашев. 

Айта кетейік, бұған дейін Павлодар облысының әкімдігі мен 36 шаруашылық облыс тұтынушыларын қолжетімді бағадағы сапалы картоппен қамту туралы меморандум жасады. Соған сәйкес, келесі жылдың көктеміне дейін 20 мың тонна картоптың келісі 100 теңгеден сатылуы тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу