78 әскери қызметші қалалық әкімдіктің аумақтық қорғаныс оқу-жаттығуына қатысты

1343

Жиын барысында жаудың диверсиялық-барлау тобының маңызды мемлекеттік объектісін басып алу көріністері іс жүзінде пысықталды. 

78 әскери қызметші қалалық әкімдіктің аумақтық қорғаныс оқу-жаттығуына қатысты

Бас қалада аумақтық қорғаныс бригадасына арналған әскери міндеттілердің тіркелген құрамымен оқу-әскери жиын аяқталды. Оған 78 әскери қызметші шақырылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шара 4-13 қараша аралығында өткізілді. Кеше арнайы-тактикалық оқу-жаттығудың жетекшісі, қала әкімінің орынбасары Асқар Әмриннің төрағалығымен "Аймақ 2019" оқу-жаттығуының соңғы кезеңі өтті.

Жиын барысында жаудың диверсиялық-барлау тобының маңызды мемлекеттік объектісін басып алу көріністері іс жүзінде пысықталды. Сондай-ақ оқу-жаттығуға Полиция департаментінің, Төтенше жағдайлар департаментінің, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бөлімшелері қатысты.

"Өткізілген оқу-жаттығудың мақсаты жаудың диверсиялық-барлау тобын оқшаулау және жою бойынша іс-шараларды орындау, күзет ротасының үйлесімді және далалық ауласын жетілдіру, сондай-ақ аса маңызды нысандарды күзету және қорғау бойынша міндеттерді орындау болды", – деп атап өтті Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері жөніндегі көмекшісі подполковник Марат Қапаров.

Солдаттардың дайындығын тексеру және өңірдегі бейбітшілікті сақтау үшін әскери қызметшілердің өзара іс-қимыл деңгейін арттыру әскери қызметшілер қатысқан оқу-жаттығудың негізгі міндеттері болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу