Талдау барысында Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектепті күрделі жөндеу кезінде мердігер ұйымға нақты орындалмаған жұмыстар үшін негізсіз 78 млн теңгеден астам қаражат төленгені анықталды.
Прокурорлық қадағалау актісі негізінде аталған қаражат бюджетке толық көлемде қайтарылды.
"Аудандық білім бөлімі тапсырыс беруші ретінде, мердігер ұйым және авторлық әрі техникалық қадағалауды жүзеге асырған тұлғалар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 317-бабы бойынша жалпы сомасы 1,4 млн теңге көлемінде әкімшілік жауаптылыққа тартылды", – делінген хабарламада.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде мердігер ұйым құрылыс жұмыстарын толық көлемде және белгіленген мерзімде аяқтап, мектеп пайдалануға берілді.