78 мың га суармалы жер пайдалануға беріледі – министр

869

Биыл 1050 шақырым суару желісін жөндеп, қосымша 78 мың га суармалы жерді айналымға енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы eldala.kz-ке сілтеме жасап.

78 мың га суармалы жер пайдалануға беріледі – министр

"2030 жылға қарай су ресурстарын кеңейту, жаңа ирригациялық жүйелер салу, су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңарту және реконструкциялау, су беру саласын цифрландыру, суды үнемдеу және тағы басқа да жұмыстарды жүргізу қажет. Сондай-ақ 90-100 текше метр деңгейінде су балансын сақтау іс-шаралары бар", - деді министр азаматтық сектор және ҮЕҰ өкілдерімен кездесу барысында.

Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, 2019-2020 жылдары Қазақстанда 1734 шақырым канал жөнделіп, 111,5 мың га суармалы жер пайдалануға берілген.

"Биыл тағы 1050 шақырым суару желісін жөндеу жоспарланып отыр. Бұл 78 мың га суармалы жерді айналымға енгізуге мүмкіндік береді", - деді ведомство басшысы.

Министр осы жылы вегетациялық маусым күрделі болып жатқанын, бірақ жағдай бақылауда екенін жеткізді.

"Биыл маусымда Қырғызстанмен келісімшарт жасалды. Осылайша, 
су өте керек кезде (маусым-тамызда) Тоқтоғұл су қоймасынан Сырдария өзенінің арнасына 330 млн текше метр көлемінде қосымша су жіберу туралы келісімге қол қойылды. Сондай-ақ Өзбекстан арқылы суды елімізге кедергісіз жеткізу туралы келісімге келдік", - деді Мағзұм Мырзағалиев.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу