78 мың медицина қызметкеріне үстемеақы төленеді

678

Қазақстанда COVID-19-ға қарсы күреске тартылған 78 мың медицина қызметкерлеріне шілде айында үстемеақы бойынша төлемдер жүргізіледі.

78 мың медицина қызметкеріне үстемеақы төленеді

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры шілде айында медицина қызметкерлерінің белгіленген жалақысына қосымша 24 млрд теңгеден астам қаржы төледі, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.

Ай сайын инфекциямен қауіпті жағдайларда жұмысқа тартылған медицина қызметкерлерінің саны өсуде. Егер маусым айында 53 мыңнан астам медицина қызметкері үстемеақы алса, шілде айында олардың саны 78 мың адамға дейін артты.

Коронавирус бойынша эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлерін ынталандыру және көтермелеу үшін жалақыға үстемеақылар көзделген. Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен тәуекел топтары, үстемақы алушылардың тізімін қалыптастыру тәртібі және төлемдердің мөлшері анықталды. Тәуекел тобына байланысты медицина қызметкерлеріне қосымша ақы 212 мың теңгеден (5 ЕТЖ) 850 мың теңгеге дейінгі (20 ЕТЖ) соманы құрады.

Қазіргі уақытта ҚР Денсаулық сақтау министрлігі осы бұйрыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізуде. Бұл өзгерістер жалақыға үстемеақы ала алатын медицина қызметкерлерінің санаттарын кеңейтуді көздейді. Ең алдымен, бұл мобильді бригадалардың жұмысына қатысатын медицина қызметкерлеріне әсер етеді.

Естеріңізге сала кетейік, үстемеақы алушылардың тізімін жедел штабтар жанынан құрылған өңірлік комиссиялар бекітеді. Өз кезегінде, Медициналық сақтандыру қоры тізімдер бойынша деректердің дұрыстығын, Денсаулық сақтау министрінің "COVID-19 коронавирусымен күресте эпидемияға қарсы шараларға қатысатын медицина қызметкерлерін қаржылай қолдаудың кейбір мәселелері туралы" бұйрығына сәйкестігін тексереді. Егер медицина қызметкерлерінде үстемеақы төлеу бойынша сұрақтар туындаса, олар өңірлік комиссияларға жүгінуі қажет.

Коронавируқа шалдыққан медицина қызметкерлеріне қосымша қаржыны Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өңірлік комиссия шешімі негізіндегі Денсаулық сақтау басқармаларының өтініші бойныша төлейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу