784 жұмысшыға еңбекақы төленбеген

1246

Қызылорда облысында 13 кәсіпорын жұмысшыларына 136,7 миллион теңге көлемінде қарыз болған.

 784 жұмысшыға еңбекақы төленбеген

Қызылорда облысында еңбек қауіпсіздігін сақтамай, заң бұзушылықтарға жол берген мекемелерге 3,1 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл туралы облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасы басшысының орынбасары Тұмар Шалбаева айтты.

214 мекемеге тексеру жүргізіліп, 262 заң бұзушылық анықталған.

Сондай-ақ, биыл жалақы төлемеген 13 кәсіпорыннан 784 жұмысшыға 136,7 миллион теңге көлемінде еңбекақысы алынып берілген.

Өңірде жарты жыл ішінде 31 жазатайым оқиға тіркеліпті. Салдарынан 20 адам жарақат алып, 3 жұмысшы қаза тапқан.

Нұрбек Дәуренбеков

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу