785 мың адам ақпараттық жүйелерге тіркелмеген

932

Бұл – республика халқының 4 пайызы.

785 мың адам ақпараттық жүйелерге тіркелмеген

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтің сөзінше, қазіргі уақытта медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына 18 млн 650 мың адам бекітілген. Сондай-ақ 785 мың адам ешқандай ақпараттық жүйеге тіркелмеген. Бұл халықтың 4 пайызын құрайды.

"Медициналық ақпараттық жүйелерге тіркелмеген адамдар Алматы облысында көп. Бұл өңірде 127 мың адам есепке алынбаған. Сол секілді Шығыс Қазақстанда 70 мың адам, Жамбылда 61 мың адам, Павлодарда 41 мың адам, Солтүстік Қазақстанда 40 мың адам және Алматы қаласында 89 мың адам ақпараттық жүйелерге тіркелмеген", – деді Елжан Біртанов Үкіметтің бүгінгі отырысында.  

Министрдің дерегінше, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап халықтың 94,5 пайызы медициналық сақтандыру жүйесімен қамтылады деп күтілуде. Министрліктің болжамынша, дербес төлеушілердің саны шамамен 1 миллион адамды құрайды. Бұл халықтың 5,5 пайызы. Оның ішінде 770 мың адам – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар.

"Осыған байланысты, облыс әкімдері 2019 жылғы 1 қазанға дейін өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдардың мәртебесін өзектендіру, халықты анықтау және медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына бекіту шараларын қабылдауы қажет", – деді денсаулық сақтау министрі.

Фархат Әміренов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу