787 адамның ұрланған көлігі әлі табылған жоқ

821

2018 жылы Қазақстанда 1 мыңнан астам көлік ұрлау фактісі тіркелді.

787 адамның ұрланған көлігі әлі табылған жоқ

2018 жылы Қазақстанда 1 мыңнан астам көлік ұрлау фактісі тіркелді. Бұл туралы "ҚР ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаментіне сілтемемен ҚазАқпарат хабарлайды.

"Ағымдағы жылғы 7 айда Қазақстан Республикасының аумағында 1 мың 161 автокөлік ұрланды. Оның ішінде 374-і иесіне қайтарылды", - деп атап өтілген ішкі істер министрлігінің мәліметінде.

Ведомствоның хабарлауынша, көлік бөлшектерінің ұрлығына қатысты істер көбіне Алматыда тіркеледі екен. "Сонымен қатар, 4 287 автокөлік бөлшегін ұрлау фактісі тіркеліп, оның басым бөлігі Алматы қаласында орын алған", - делінген министрлік ақпаратында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу