Елорданың автобустары кондукторсыз жұмыс істей бастады

868

Автобус парктері кондукторлардан 40% бас тартты, себебі жолаушылардың 90% -ға жуығы көлік картасын сатып алды.

Елорданың автобустары кондукторсыз жұмыс істей бастады

2018 жылдың 21 шілдесінен бастап елорданың қоғамдық көліктеріне мініп-түсудің жаңа ережесі енгізілді. Дегенмен, жолаушылар енгізілген өзгеріске қарамастан, бұрынғыша қалаған есіктерінен кіріп шығып жүр, деп жазады elorda.info.  

"Біз жүргізушілермен жаңа ережеге қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргіздік. Жүргізушілерге кімнің валидация жасап, жасамағанын көру үшін алдыңғы есікті ашқан тиімді. Ең бастысы адамдар жаңа ережеге үйренсе болды. Әрине бұл ережені бұзған бұзған жолаушыларға айыппұл салып, ешкім жазаламайды", - дейді "Astana LRT" ЖШС қоғаммен байланыс департаментінің жетекшісі Науат Азанбаева.

Оның ойынша, жолаушылар мен жүргізушілер бұл ережеге үйренуі керек,  көп ұзамай бұл жұмыс жөнге қойылады.

Айта кетейік, бүгінгі күні көптеген автобуста кондукторлар жоқ. Мәселен, автобус парктері кондукторлардан 40% бас тартты, себебі жолаушылардың 90% жуығы көлік картасын сатып алды. Көлік картасын пайдаланушылардың саны 95% жеткенде, кондукторлардың саны 80% қысқарады. Ал жолаушылардың 98% көлік картасына көшкенде, қоғамдық көліктерде кондуктор деген атымен болмайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу