79 бизнес жоба мақұлданды

700

2018 жылы облыста ШОБ-ты дамытуға 6 млрд теңге қарастырылды. 

79 бизнес жоба мақұлданды

Қостанайда шағын және орта бизнес өнімдері соңғы 4 жылда 50 пайызға өскен. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Иса Құдабеков айтты, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

"Шағын және орта бизнес субъектілерінің жұмыс белсенділігі бойынша біздің облыс республикада 7-орында келеді. Көрсеткіштеріміз былтыр едәуір жақсарды. 2014 жылы 138 мың адам шағын бизнеске жұмылдырылса, биыл 152 мың адам өздерінің жеке кәсібін дөңгелентіп отыр. 2018 жылы облыстың ШОБ дамытуға 6 млрд теңге қарастырылды. Соның 1,5 млрд теңгесі шағын несиелеуге бөлінді", - дейді облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Иса Құдабеков.

Басқарма басшысының сөзінше, 2013 жылдан бастап мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларға қатысқан кәсіпкерлерге 7,3 млрд теңге субсидия бөлінген. Барлығы 5 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны ашылды.

"Бүгінге дейін 589,3 млрд теңгенің өнімі өндірілді. "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасының жүзеге асырылуына осы жылы 2,2 млрд теңге қарастырып отырмыз. Қазірдің өзінде 79 бизнес жоба мақұлданды. Субсидия қаржысының көбі өндіріс (31%) және ауыл шаруашылығы (18%) салаларына бағытталды. Бұған қоса "Еңбек" жаппай кәсіпкерлік бағдарламасының орындалуына 3,8 млрд теңге қаржы құю көзделеді. Оның 1,5 млрд теңгесі президенттің "Бес әлеуметтік бастамасы" аясында іске асырылады", - деді Иса Құдабеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу