79 жастағы жамбылдық азамат коронавирустан жазылды

629

Медициналық тексеру кезінде Аманжол Дүрәліұлында ауыр дәрежелі COVID-19, екі жақты вирустық пневмония, тыныс алу жеткіліксіздігінің үшінші сатысы анықталыпты.

79 жастағы жамбылдық азамат коронавирустан жазылды

Жуалы ауданы Қайрат ауылының 79 жастағы тұрғыны коронавирустан жазылып шықты, деп хабарлады әкімнің баспасөз қызметі.

Ауруханаға түскен кезде науқастың жағдайы өте ауыр болған. Жедел жәрдеммен Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілгенде қарияның  дене қызуы 38,5 градусқа дейін көтеріліп, тыныс алу қиындап, саусақтары мен еріндері көгеріп, оттегі сатурациясы – 89 пайызды құраған.

Медициналық тексеру кезінде Аманжол Дүрәліұлында ауыр дәрежелі COVID-19, екі жақты вирустық пневмония, тыныс алу жеткіліксіздігінің үшінші сатысы анықталыпты.

Ақсақалдың қосымша созылмалы аурулар бар. Атап айтсақ, жүректің ишемиялық ауруы, ишемиялық кардиомиопатия, жүрек жеткіліксіздігі және үшінші сатыдағы гипертензия. 2019 жылы ол жедел миокард инфарктісін бастан өткерген. Тәуекел тобы өте жоғары.

Қария екі күн жансақтау бөлімінде болып, ӨЖЖ аппаратына қосылған. Дәрігерлердің нақты және үйлесімді әрекетінің арқасында ол вирусты жеңіп, толық айығып, ауруханадан шығарылды. Аманжол ата медицина қызметкерлеріне ризашылығын жеткізіп, денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу