8,5 мың валюталық несие 2015 жылғы бағаммен қайта есептелді

976

Ұлттық банк басқа валютамен алынған несиелерді қайта қаржыландыруға 130 млрд теңге бөлген. 

8,5 мың валюталық несие 2015 жылғы бағаммен қайта есептелді

Бағдарлама екі кезеңнен тұрады. Әуелі 2004-2009 жылдар аралығында рәсімделген ипотекалық несие иелері қолдауға ие болды. 

"10 қазандағы жағдай бойынша бірінші кезеңге жататын 169,2 млрд теңгенің 27 406 қарызы мақұлдаудан өткен.  154,08 млрд теңгеге 26 074 қарыз қайта қаржыландырылды. Екінші кезеңде жеке тұлғалардың 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін алған валюталық ипотекалары Ұлттық Банктің 2015 жылғы 18 тамыздағы бағамы бойынша теңгемен қайта қаржыландырылады. 10 қазандағы жағдай бойынша банктер 74,6 млрд теңгенің 8 457 өтінімін мақұлдаған. Нәтиесінде, 60,9 млрд теңгенің 7 064 қарыз қайта қаржыландырылды", – делінген Ұлттық банктің ресми мәліметінде. 

Басқа валютамен несие алған ел азаматтары бағдарлама арқылы қолдау көргісі  келсе, өзіне несие рәсімдеген банкке жүгінуі керек.  Сондай-ақ Ұлттық банк сайтының "Банктердің ақшаны игеруі туралы ақпарат" бөліміндегі сілтемесі бойынша танысуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу