8,5 мыңнан астам мас жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды

1092

ІІМ әкімшілік полиция комитетінің басқарма басшысы Асқар Таженов құқық бұзушылықты автоматты түрде тіркеуге және мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін қолданылатын жазаны күшейтуге қатысты мәлімдеме жасады.  

8,5 мыңнан астам мас жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Асқар Таженовтың айтуынша, полиция қызметкерлері күн сайын 70 мас жүргізушіні ұстайды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Елімізде мас күйін куәландырудан бас тартқан көлік жүргізушілеріне жауапкершілік енгізілген. 2020 жылдан бастап мұндай жүргізушілер 8 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылады. Бұған қоса мұндай жүргізушілер 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынады. Осыған дейінгі 5 айда мас күйінде көлік басқарғаны үшін 8,5 мыңнан астам жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл – полиция қызметкерлері бір күнде шамамен 70 мас жүргізушіні ұстайды деген сөз", – деді басқарма басшысы. 

Қанат Махамбет
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу