8,9 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

798

Соңғы 8 айда құрылыс жұмысының көлемі 11,4%-ға өсті. Бұл туралы үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

8,9 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

"Оң көрсеткіш барлық өңірде тіркелді. Құрылыс-монтаждау жұмысының ең жоғары өсімі Ақмола, Түркістан облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында байқалды", – деді министр. 

Әсет Ерғалиевтің сөзінше, тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша да оң динамика байқалуда.

"Қаңтар, тамыз аралығында 8,9 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Көрсеткіштің өсуі 10,5%-ды құрады. Есептік кезеңде барлық өңірлер оң өсім көрсетті. Ең жоғарғы өсім Атырау, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында тіркелді", – деді министр.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу