8 айда картоп бағасы 17,3 пайызға өскен

937

8 айда картоп бағасы 17,3 пайызға өскен

2017 жылғы қаңтар-тамызда Қазақстан республикасында инфляция 3,9%-ды құрады, деп хабарлайды ҚР ҰЭМ статистика комитеті.

Баға азық-түлік тауарларына ағымдағы жылғы сегіз айда (2017ж. тамыз 2016ж. желтоқсанға) 3,6%, азық-түлік емес тауарларына – 4,2%, ақылы қызметтерге – 4%-ға өсті.

Ағымдағы жылдың басынан (2017ж. тамыз 2016ж. желтоқсанға) бағаның өсуі картопқа 17,3%, қой етіне – 12%, сиір етіне – 11,2%, консервіленген сүтке – 8,7%, кондитерлік өнімдерге – 7%, жылқы етіне – 6,6%-ға, сары майға, мәйекті ірімшікке – 6,5%-дан, жаңадан жиналған жемістерге – 2,4%-ға белгіленді. Бағаның төмендеуі қиярға 68,6%, қызанаққа – 55,2%, жұмыртқаға – 30,2%, сарымсаққа – 23,2%, қарақұмық жармасына – 18,8%, тәтті бұрышқа – 17,9%, күнбағыс майына – 10,4%-ға тіркелді.
Баға өсімі кеңсе тауарлары мен сызу құралдарына 8,4%, шыны және қыштан жасалған өнімдерге – 7%, автомобильдерге – 5,5%, газеттер мен журналдарға – 5,1%, кітаптарға – 4,9%, тоқыма бұйымдарына – 4,3%, киім және аяқ киімге – 4,2%, фармацевтикалық өнімдерге – 3,8%-ға, жеке қолданатын тауарларға, тұрмыстық аспаптарға – 3,7%-дан, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 3,5%, жуғыш және тазалағыш құралдарға – 3,2%-ды құрады. Дизель отыны 9,3%, баллондағы сұйытылған газ – 7,7%, бензин – 5,7%-ға қымбаттады.
Баға деңгейі құқық қызметтеріне 7%, көлiк құралдарын сақтандыру – 6,8%, денсаулық сақтау – 5,1%, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы – 3%, қоғамдық тамақтандыру – 2,9%-ға өсті. Жолаушылардың әуе көлігімен жол жүру ақысы 36,5%, ішкі қалалық автобуспен – 8,9%, қалааралық – 4,4%,-ға қымбаттады, ал алыс қашықтыққа қатынайтын темір жол көлігімен – 0,4%-ға арзандады.
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер кәрізге 9,6%, орталықтан жылытуға – 7,3%, тұрғын үйді күтіп ұстауға – 6,2%, суық суға – 5,7%, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға – 4,8%, электрэнергиясына – 3,8%, ыстық суға – 3,6%-ға жоғарылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу