8 айда республика бойынша 120,3 мың көлік сатылды

363

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 60,5%-ға көп. 

8 айда республика бойынша 120,3 мың көлік сатылды Фото: Inbusiness.kz

Биылғы қаңтар-тамыз айларында машина жасаудағы шығарылым көлемі 2,6 трлн теңге болды. Бұл елдің өңдеу өнеркәсібі саласындағы барлық шығарылымның 19%-ға жуығы және республика бойынша барлық өнеркәсіптік өндірістің шамамен 9%-ы, деп жазады inbusiness.kz  https://www.energyprom.kz/ru/a/monitoring/zheleznye-koni-rvutsya-v-put-vypusk-legkovyh-avtomobilej-v-rk-podskochil-na-42 порталына сілтеме жасап.

Сектордағы шығарылымының жартысына жуығын отандық автоөнеркәсіп қамтамасыз етеді: 8 айда 1,2 трлн теңге, құндық мәнде – 66,7%, нақты мәнде – 41,4%.

Жалпы өңдеу өнеркәсібі бойынша өндірістің нақты өсімі – 3,1%. Бұдан бөлек машина жасау өңдеу өнеркәсібі өңдеуші өнеркәсіптегі жұмыскерлердің жалпы тізімдік санының 22%-ын,  нақты санынан 22,2%-ын қамтамасыз етеді. Автоөнеркәсіпте биылғы екінші тоқсанның қорытындысы бойынша қызметкерлердің тізімдік саны – 5,7 мың адам, нақты саны – 5,5 мың адам.

Автоөнеркәсіп шығарылымының негізгі көлемі (88%) Қостанай облысы мен Алматыға тиесілі: сәйкесінше 596,6 млрд теңге және 418,8 млрд теңге. Тағы 55 млрд теңгені Қарағанды облысының өндірушілері, 39,6 млрд теңгені –  Абай, 37,4 млрд теңгені Ақмола облысы қамтамасыз етті. Басқа өңірлерге 9,1 млрд теңге жұмсалған.

8 айда елімізде 97,3 мың автокөлік құралы (бір жылда +41,4%) шығарылды. Оның ішінде 88,5 мыңы – жеңіл автомобильдер (+41,5%).

Бұдан бөлек 120,3 мың автокөлік сатылды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 60,5%-ға артық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу