Павлодар облысындағы "Майқайың алтын" кенішінде 4 қаңтар күні шұңқырға опырылып түскен автобуста болған құтқарушылардың бірі табылды. Іздеу жұмыстары жарты жылдан астам уақытқа созылды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Бұған дейін іздеу жұмыстары ақпан айының ортасына дейін жалғасып, топырақтың опырылу қаупі болғандықтан уақытша тоқтатылған еді. Осыдан жарты жыл бұрын қайта жанданды. Ал бүгін Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы мамандары "Майқайың алтын" АҚ тау-кен ауданында жер жұмыстарын жүргізу кезінде 70 метр тереңдіктен бір құтқарушының денесін анықтады. Табылған құтқарушының денесін жердің бетіне көтеріп, жедел-тергеу тобына тапсырды. Қазір сараптама жүргізіліп, табылған құтқарушының жеке басы анықталуда. Бұған дейін жоғалған құтқарушылардың бірінің әйелі Нұрсұлу Шаймерден табылған дене оның күйеуі екенін растаған болатын.
Сканерлеу және автобустың нақты орналасқан жерін анықтау үшін "Алтыналмас" АҚ мамандары тартылды. Белгілі болғандай, сканерлеу нәтижелері бойынша автобустың 12 метр тереңдікте орналасқандығы анықталды.
Енді мамандар автобус пен оның жүргізушісі Айып Тілеубергеновті іздеуді жалғастырады.