Қазақстан аймақтарында 2025 жылғы 8 ақпанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау-консультация жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Синоптиктер болжамынша, солтүстік антициклон Қазақстан Республикасының басым бөлігіндегі ауа райын анықтайды, негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
– Елдің солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында фронтальды бөлімдердің өтуімен аздаған қар жауады. Қазақстан бойынша тұман, желдің күшеюі, солтүстік-батыста, орталықта жаяу бұрқасын, оңтүстікте – көктайғақ күтіледі, – делінген "Қазгидромет" таратқан хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу