Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан Азия біріншілігінде 8 бірдей боксшымыз жартылай финалға өтті.
69 келіге дейінгі салмақтағы Абылайхан Жүсіпов ширек финалда қытайлық Лю Вэйді жеңіп, жартылай финалға өтті. Ал Қамшыбек Қоңқабаев үндістандық қарсыласы Сатиш Кумарды 5:0 есебімен жеңіп, жолдаманы жеңіп алды.
Бұған дейін Қайрат Ералиев, Василий Левит, Бекдәулет Ибрагимов, Әбілхан Аманқұл және Азамат Исақұлов жартылай финалға жолдама алған болатын. Бұл бәсекеде Гамбургте (Германия) өтетін Әлем біріншілігіне 60 жолдама беріледі. Яғни әр салмақта үздік алтылыққа енген боксшылар ие болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу